Бүгін М.Құрманғалиева атындағы 32 гимназияда гимназия құрылғаннан бері қызмет жасап келе жатқан өзіндік дара жолдары бар, майталман ұстаздар Ізімбетова Несібелі Ермекбайқызын,

Қуанышева Роза Қуанышқызын, Бекетова Кулай Қарабасқызын, Ермағамбетова Әлия Ағантайқызын салтанатты түрде құрметті демалысқа шығарып салу іс-шарасы "Дара жол" тақырыбында ұйымдастырылды. Шара барысы ұлағатты ұстаздардың еңбек жолындағы қызықты сәттерді еске алып,сырлы сұхбатқа ұласты.

Зейнеткерлерді гимназия директоры А.С.Джамбулова ұзақ жылдар бойы атқарған қызметтерінің жемісін көретін уақыттың келіп жеткенімен құттықтап, оларға зор денсаулық, ұзақ, баянды өмір тілеп, гимназия үшін еңбектерінің ерен екендігін атап өтіп, зейнеткерлерге естелік сыйлықтар табыстады.

    Іс-шара соңында зейнеткерлік демалысқа шығып бара жатқан ұстаздар әріптестеріне,жас ұстаздарға өткен уақыттардағы оқиғалар туралы ой қозғап, ұжымның отбасыларына бақытты өмір тіледі. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін бұл салаға разы екендігін айтып, зейнетке шығу іс-шарасы кезіндегі ұжыммен қоштасу ерекше ұзақ уақыт есте сақталатынын айтып,гимназия ұжымына ақ тілектерін білдірді.