Мектеп оқушыларын ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу, шығармашылығын дамыту және қолдау мақсатында 2022 жылдың 26 қыркүйегі күні республикалық «Ясауитану» білім байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға 6-11 сынып оқушылары қатысып, Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін жатқа айтудан өзара сынға түсті.
Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеруге бағытталған байқау нәтижесі М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназия 10ә класс оқушысы Жөкен Жомарт ІІ орын иеленді