М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда 11.09.2023 жылы №1654 шығыс хатына сәйкес 1-11 сыныптар арасында парасаттылық пен академиялық адалдық мәселелеріне арналған біріңғай адалдық сағаттары өтті.Оқушыларға видеороликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

 

“Тоғыз айға тоғыз іс-шара” жобасы аясында “Бала бойына ұлттық құндылықтарды дамытуда мектеп пен отбасының маңызы” тақырыбында М.Құрманғалиева атындағы № 32 гимназияда ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысы ата-аналар үшін әсерлі, қызықты жаңа форматта ұйымдастырылды. Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, ата-аналарға ішкі тәртіп ережелері таныстырылды. Толық оқу жылына сыныптың жоспары құрылды.

 

 

“Тоғыз айға тоғыз іс-шара” жобасы аясында “Бала бойына ұлттық құндылықтарды дарытуда мектеп пен отбасының маңызы” тақырыбында М.Құрманғалиева атындағы № 32 гимназияда ата-аналар жиналысы өткізіледі. Барлық ата-аналарды жиналысқа шақырамыз!

 

 

 

 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және салықтар саласындағы мәселелерді білу мақсатында BIRGEDAMYUSHIN балалар шығармашылық конкурсы өткізілді. Оқушылар жемқорлықтың салдарын түсініп, жемқорлықтың қарсылықтарын көркемсурет арқылы жеткізді.



 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханамызға жаңа оқулықтар келді. Қымбатты оқырман, баршаңызды кітап оқуға шақырамыз.

 

Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бастапқы қадамы- ол оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін ояту болып табылады. Әр елдің тәуелсіз ел, мемлекет екенін білдіретін ең басты үш белгісі бар. Олар: Елтаңба, Туы және Гимні. Осы мақсатта мектебімізде әр дүйсенбі күні мектеп ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен Мемлекеттік Гимн орындалады.



 

Гимназиямызда сынып жетекшілерге арналған Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Біртұтас тәрбие бағдарламасын" іске асыру бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған кешенді жоспарды талқылау мақсатында оқыту семинары өткізілді. Семинарда "Ұлттық мүдде", "Ар-ұят", "Талап" құндылықтарына негізделген жұмыс жоспарын жүзеге асыру түсіндіріліп, кешенді жоспармен жұмыс жасау ұсынылды. Сонымен қатар оқушылар мен мектеп мұғалімдеріне арналған мектеп формасы көрсетіліп, сынып жетекшілердің портфолиосында болуы керек тиісті құжаттармен таныстырылды.



 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбі күні «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленді.
Оның негізгі мақсаттары – еңбек өнімділігін ынталандыру, қарапайым жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру және оған жастардың назарын аудару болып табылады.
Осы орайда, М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияның 7-8 класс оқушылары арасында “Еңбек ырыстың бұлағы” тақырыбында шығарма жазу байқауы өтті. Шығарма мазмұнында оқушылар әр маман иелерінің ерен еңбегін бағалай отырып, алғыс білдірген.
Еңбек күнi — бұл адамдарды жаңа еңбек шыңдарын бағындыруға ынталандыруға, қолдауға және шабыттандыруға арналған мереке.



 

 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда 5 қыркүйек Халықаралық Тілдер мерекесіне арналған “Қазақ тілі-мемлекеттің тұғырлы тірегі” тақырыбына арналған “Үш тілділік тұғырым” атты интелектуалдық байқау өткізілді. Байқауға 8 “А”, 8 “Г” сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: оқушылардың тіл пәндеріне деген біліктіліктерін, білімдерін арттыру; Оқушылардың дұрыс сөйлеу, жазу және оқу ептіліктерін дамыту.

 

5 қыркүйек халықаралық Тілдер мерекесіне арналған «Қазақ тілі – мемлекеттің тұғырлы тірегі» тақырыбындағы апталықтың ашылуы өтті. Мақсаты: еліміздің ертеңі, жас ұрпақ ана тілінің қадір-қасиетін тереңнен ұғынатын, мемлекеттік тіл мәртебесіне құрметпен қарайтын, білімді де, білікті азамат тұлғасын тәрбиелеу.

М.Құрманғалиева атындағы мектеп-гимназиясында қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, қастерлеуге, оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында "Сөнген шоқ, өшкен арман тек сенен есте қалған сол жылдар" атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескерілмейтін тарихи оқиғалар болды. Соның бірі - әлемді дүр сілкіндірген Ауған соғысы. Кездесу барысында ауған соғысының ардагері Кариев Самат Абенович пен Жакупов Болат Спандиярович қонаққа келді.  Кездесу іс-шараға 9-10-11 сынып оқушылары қатысып ардагер ағаларға майдандағы қиыншылықтары ерлік іс әрекеттері туралы сұрақтар қойып өз ойларымен бөлісті. Ауған ардагер ағаларындай батыр Отан қорғаушысы болсын деп мектебіміздің 11-сынып оқушыларына әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлігі табысталды.Кеш соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Искаков Дәуір Набатович келген қонақтарға алхыс айтып сөз сөйлеп өз ризашылықтарын білдірді.

27.10.22 1

27.10.22 1

«Алғысым шексіз!».
1-наурыз Алғыс айту күні Қаhарлы қыс бітіп, жайма шуақ мезгіл көктемнің алғашқы мерекесі тойланды. Мектебімізде мерекеге орай "Алғыс тақтасы" ілініп, оқушылар өздерінің ұстаздарына, достарына деген алғыстарын қабырғаға жазу арқылы қалдырды. Осылайша, наурыз айының беташар күні мерекелік құттықтау, бір-біріне деген ыстық ықылас пен ризашылық сөздермен бастау алды.

27.10.22 1

27.10.22 1

27.10.22 1

27.10.22 1

8 наурыз - жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні, аналар, әйелдер қауымының атаулы мерекесі!

Осы мереке орай мектебімізде өткен "Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған..." атты оқушыларымыздың қатысуымен мерекелік концерті өтті. Сол концерттен естелік суреттер
Құрметті арулар, ұстаздар, аналар шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын. Табиғаттың әсемдігі шабыт берсін. Көктемнің басы өмірлеріңіздегі өте қалаулы және әдемі оқиғаның бастамасын білдірсін! Мейрамдарыңызбен! 

27.10.22 1

27.10.22 1

27.10.22 1

27.10.22 1

27.10.22 1

Класс жетекшілерге арналған
“Оқытудың әртүрлі әдістерін енгізу арқылы оқу мәдениетін дамытуда біртұтас тәрбиелік-білім беру компонентін құру” тақырыбында практикум семинар өтті. Семинар мақсаты:

Тәрбие сағаттарда қолдануға болатын әртүрлі әдістермен танысу.

Оқуды ынталандыру үшін ынтымақтастықты жақсарту стратегияларын әзірлеу

Педагог- психологтармен бірлесе семинарда: психологилялық тренингтермен қоса Write around әдісін, Құндылықтар сөздігін жасады

27.10.22 1

27.10.22 1

27.10.22 1

27.10.22 1

27.10.22 1

М.Құрманғалиева атындағы #32 мектеп- гимназия оқушылары Шахан Жолдасбаевпен кездесті. Шахан – өмірге деген ерік-жігерімен, қайсарлығымен үлгі-өнеге көрсететін батыр. Оны мүмкіндігі шектеулі жан деп айту мүмкін емес. Ол Германияда жүзуден мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен жарыстың қола жүлдегері. Оның әлеуметтік жобасы «Пандус Ок» - аймақтағы ең үздік жоба. Гимназия оқушыларымен бірге сұхбаттасып, өзінің спорт , қоғамдық жұмыстағы жетістіктерімен бөлісті. 

27.10.22 1

27.10.22 1

27.10.22 1

27.10.22 1

Отан деп соққан жүректер
Тыл ардагерімен кездесу
М. Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназия кітапхансында ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тыл ардагері, көп жылдар ұстаздық қызмет атқарған ұлағатты ұстаз Дарибаев Өмірзақ Әльмұханбетұлымен кездесу кеші өткізілді. Ардагер тылдағы еңбектері туралы сол кездері өздерінің осы отырған 8 класс оқушыларындай 13-14 жастағы жасөспірім болғанын, соғысқа аттанған әкелерінің орнына колхоз жұмысын аналармен бірге атқарып еңбек жасағандарын әңгімеледі. Оқырмандар ардагерге ойларында жүрген сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Өмірзақ Әльмұханбетұлы оқушыларға ең бірінші ата-анаңды, екінші білім берген ұстаздарыңды, бір-біріңді сыйлаңдар, жас ұғымтал кездеріңде оқып, білім алып, елге адал қызмет атқарыңдар деп сөзін қорытындылады. Кездесуге қатысқан оқушылар ардагерге ризашылықтарын білдіріп «Құтты білік» кітабын сыйға тартты.
Шараны ұйымдастырған мектеп кітапханашылары
Аймурзина К.С.,Жекскенбай А.Б., 8в класс жетекшісі Елемисова С.А.

27.10.22 1

27.10.22 1

 «Көңілді қоңырау» , «Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында оқушылардың үзіліс кезіндегі бос уақытын ұйымдастыру уақытын ұйымдастыру мақсатында мектеп кітапханасындағы кітаптардан жәрмеңкесі ұйымдастырылды.