Ақтөбе қаласы   
М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназия

11 мөлтек ауданға, 1200 орындық  «М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназия» КММ, 1989 жылы ашылды. Бірақ, қазіргі таңда  мектепте оқу процесі 2 (екі) кезеңде  жүріп жатыр.
Қазіргі таңда мектепте  1-11 кластарда 1396 оқушы білім алуда. Олар: 


Кластар

Оқушы

Класс комплект 

1-4 класс

590

21

5-9 класс

623

24

10-11 класс

183

8

Барлығы

1396

53

 

Қабат

Оқу кабинеттері сандары

Қосымша ақпарат

І

7

 

ІІ

12

 

ІІІ

17

 

Барлығы

36 оқу кабинеті

 

Оқушы саны көп болуына байланысты 1-химия, 1-физика, 1-биология, арнайы кабинеттер оқу кластары орналасатын  3 оқу кабинеттеріне айналады. Яғни, ол кабинеттерде тұрақты түрде класс оқушылары оқитын болады.  Осы 36 класс кабинетте 53 класс оқушыларды орналастырып оқу процесін жүргізудеміз. Әрине бұл оқу процесінің 2 ауысымда және толықтай 5 күндік оқу кезеңінде ұйымдастырылды. 

Қоңырау кестесі
Бастауыш

І ауысым       
1. 8:00-8:45
2 .8:50-9:35
3. 9:45-10:30
4.10:45-11:30
5.11:35-12:20
6.12:25-13:10

ІІ ауысым                            
1. 13:30-14:15
2 .14:20-15:05
3. 15:15-16:00
4.16:15-17:00
5.17:05-17:50
6.17:55-18:40

1-кезең

2-кезең

7:45-8:30

8:35-9:20

9:30-10:15

10:25-11:10

11:15-12:00

12:05-12:50

12:55-13:30

 

1.14:00-14:45
2.14:50-15:35
3.15:45-16:30
4.16:40-17:25
5.17:30-18:15
6.18:20-18:55

Жоғары класстар


« Мен басқа адам болатынмын. Мен әрқашанда  басқалардан өзгеше  болатынмын. Сонда,мені неге ешкім байқамады?»
                                                                                                                                     Джон Леннон
Білім беру – ең консервативті  салалардың бірі. Білім беру саласында  бейберекет эксперименттерге  орын жоқ. Алайда, дәл қазір бүкіл әлемде білім беру саласы заманауи медиа және ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың әзерінен жүйелік  трансформацияға ұшырап жатыр.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
* Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері, материалдық техникалық базалары, т.б. бойынша анықталады.
Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: …
* « Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.
* Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол таба білу үшін адам дұрыс ой түйіп,өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.
Оқушылардың  сапалы  білім алуға  деген  қызығушылығын  арттыру,  сауаттылығын  дамыту  үшін  мұғалім  жаңа әдіс-тәсілдерді   қолданып,  бір  сөзбен  айтқанда  өз біліктілігі  мен  шеберлігін  жетілдіруге  атсалысуы  керек.  Бастауыш  сынып  оқушыларына бастапқыда  техникалық  талаптарды  орындау  қойылса  кейін  әріпті,  буынды,  сөзді,  сөз  тіркесті және  сөйлемдерді  дұрыс  жазу  дағдылары  жетілдіреді. 
*Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы –өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
   Ал, біздің мектеп бойынша  2021-2022 оқу жылының  1 жартыжылдығын  1396 оқушы аяқтап төмендегі білім сапасын көрсетті. 1 класс оқушылары  1 жартыжылдықта бағаланбайды.


Буындар

Бастауыш

Орта

Жоғары

Барлығы

Кластар

2-4 классы

5-9 классы

10-11 классы

2-11

Оқушылар саны

426

623

183

1236

Үздіктер саны

102

84

34

220

%  үздіктер

24 %

14%

18 %

17 %

 Тек қана  бастауыш кластар бойынша   білім сапасын айтсақ:

 

Бастауыш

Кластар

2 классы

3- классы

4-классы

2-4 классы

Оқушылар саны

146

143

137

426

Үздіктер саны

37

32

33

102

%  үздіктер

25%

23%

24%

24%

*ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Сондықтан да, білім сапасын арттыру , оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру –әрбір ұстаздың міндеті. Біздің мектептің  5-11 кластар оқушыларының білім деңгейі, ұстаздардың еңбегін, төмендегі кестеден қарастыруға болады.

 

Кластар

Оқушылар саны

Үздіктер саны

Үздіктер санына қарай  %

 5 кл

134

26

19

 6 кл

149

29

19

  7 кл

114

10

8

  8 кл

121

7

5

  9 кл

105

12

12

5-9

623

84

14

 10 кл

90

11

12

 11 кл

93

23

25

10-11 кластар

183

34

18

5- 11 кластар

806

118

15

*Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз – бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», – деген пікіріне қосыла отырып, саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеуде шаршамай еңбек ете білейік. 

М.Құрманғалиева атындагы32 мектеп гимназиясы

М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясы